Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Махаббат хикаясы: Отқа оранған жүрек

Махаббат хикаясы: Отқа оранған жүрек

Махаббат хикаясы: Отқа оранған жүрек

Махаббат!!!... Әй, студенттік ғұмыр десеңші.  Өмір туралы өзіңше сыр шерткің келіп, көңіл туралы күнделікке талай-талай сөз қалдырасың. Көктемнің жайма шуақты күндері, құстардың салып жатқан әндері, ғашықтардың бір ауыз сөздері, бақыт жайлы әр адамның түсініктері, күнделіктің әр бетінен табылып жатады.

Менің бүгін күнделігімде Салтанат деген досымның (жігіттің аты) Салтанат атты аруға ағынан жарылып, өз сезімін – махаббат майданының нағыз қаһарманы ретінде көрсетуі болып отыр. Сүйгеніне сүрінбей жетудің жалғыз жолы осы болса керек. Оқиға былай өрбіген:

8 наурыз мейрамы таяп қалған кез еді. Салтанат досымның өзі аттас аруға өліп-өшіп ғашық болып жүргеніне бір жылдай уақыт толған. Бес жүзден астам қыз-жігіттердің ордасы болған жатақхана ендігі кезекте  бір ғана нәрсені күтіп тұр еді.

Таң сібірлеп атқаннан Салтанаттан ес кете бастады. 32-автобусқа мініп алып, көк базардың қақ төрінен  бүгінге керек тілек қағаздары мен раушан гүлдерді, қызыл түсті шарлар мен әп-әдемі жүзік сатып алып келді. ­ Кешкісін  айтатын сөздерін қайталап, тағы да бір дайындық өткізіп жатты. Тірліктің қалғанын жігіттер жағы қатырып қойды. Ендігі кезек, күту ғана...

Көптен күткен кеш те келді. Бүкіл әлем іштен тынып, жалғыз ғана тілекке құлақ қойып тұрғандай. Бүкіл әлем екі жастың махаббаты үшін тілек қылғандай. Жатақхананың артқы жағының жарықтарының бәрі сөніп, бүр үкімге бағынып тұр. Салтанат  ұялы телефонын  алып, сүйкімді қызды, өзі сүйетін қызды балконға шақырды.

...Сүйкімді қыз шықты. Салтанат асфальттың үстінде тұрған қалпы:

-Саған ғашық,

Менің жүрегім.

Саған бақыт

Менің тілерім.

Қолыңды сұрасам,

Не дер едің.

«Иә»-деп қуантсаң,

Аспаныма көтеремін,

Басылады шөлдегенім.

-деп тебірене  қарап  қалған.  Жігіттердің сын  сағаты. Олар бір  демде, Салтанат  тұрған  жерде,  жіп-жіңішке әріптерге толы қалың от,  ортасында жүрегі бар «Мен сені сүйемін!» деген жазуды жасады. Салтанаттың өзі де жүрек пішіндегі оттың ортасында қалып кете берді.

Сүйкімді қыз әлі қарап тұр. Не дерін білмейді. Бүкіл жатақхана тұрғындары терезеден «Иә!» -деп қосыла айғайлап жатыр. Керемет үнсіздік... Осы кезде қыздың жоғары жағынан бір шоқ раушан гүлі алдына келді. Қолына ұстап, қарап қалған. Гүлдің жоғары этаждың балконынан түскені қыз баласын ерекше қуанышқа бөлеп тұр. Таңғалғанын жасырар емес.

...Ол сүйікті қызды, өзі аттас қызды өз қасына шақырды.

Қыз да келіп жүректің ішіне енді. Жігітке үздігіп қарап қалған. Жігіт те бір ғана сөзді күтіп тұр. Уақыт тоқтаған, демі ішінде. Тыныштықты бұзғысы келмеген қалпында, жүрегі толқып барып Салтанат:

-«Иә»-деді. Осы емес пе күткені?! Ағыл-тегіл қуаныш, жігіттердің ысқырығы, у да шудан құлақ тұнып кеткен. Осы бір-ақ ауыз сөздің құдіретінде қаншама үміт, арман - тілектер жалғасып  жатыр десеңізші. Ауада ілініп тұрған сезім нотасын бұзып алғысы келмегендей, Салтанат қалтасынан жүзікті алып, қыздың қолына салды. Бәрі де ғажап...Көктемдегі махаббат... Қыз бен жігіт...Романтика...

Суреттер: thedowsersdaughter.blogspot.com

542 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 05 наурыз 2012, 12:00
Пікірлер
+0
05 наурыз 2012, 16:52

Мынау оқиға шын өмірде болған ба? Әлде ертегі оқып отырмын ба?))

+0
05 наурыз 2012, 17:22

Жоқ, шынайы болған. Сөзде жасандылық жоқ сияқты ғой.

+0
05 наурыз 2012, 23:28

bolgan bolgan....bizdin jatakxanad)))

+0
08 наурыз 2012, 00:46

Керемет!!!егер шын оқиға болса!!!!)))))

+0
09 наурыз 2012, 16:36

сол жартас бұрынғысынан да биіктеп кетпесе болганы... АЛЛА төрелік жасар бәріне

+0
13 наурыз 2012, 22:29

шын оқиға болса нағыз романтика!!! КЕРЕМЕТ!!!!!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...