Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / 8 наурыз: заманауи қыздарға сыйлық

8 наурыз: заманауи қыздарға сыйлық

8 наурыз: заманауи қыздарға сыйлық

Қазір техника заманы. Қыз балалар да ер жігіттер сияқты компьютерді жетік меңгерген. Ендеше, үлкен мерекенің құрметіне орай, massaget.kz ұжымы жігіттердің уақыттарын үнемдеу мақсатында,  сыйлыққа тартуға болатын қызықты компьютерлік гаджеттерді ұсынады. 

1. USB - прожектор

 Түнімен  ноутбукте бірнеше сағат бойы жедел-хат алмасу бағдарламасымен әңгімелесетін жандарға USB - прожектор таптырмас сыйлық. Егер сіз кереуетіңізде жайлы жайғасып, бөлменің шамын жағу үшін тұруға ерінсеңіз немесе үстел шамының жарығымен қасыңыздағы адамды мазалағыңыз келмесе, жоғарыда айтылған USB-гаджет сіздің үстеліңіздің тартпасында болуы тиіс. Бұл зампрожектордың күші ноутбук пернетақтасын толықтай жарықтандыруына жетеді. Арнайы майыстырылатын сым конструкциясының арқасында, сіз шамның жарығын қалаған жеріңізге бағыттай аласыз. Прожектор қорек көзін USB тіркеуішінен алады.

2. Саптыаяққа арналған қыздырғыш

  Кеңседе жұмыс істейтін сүйіктіңізге USB саптыаяқ қыздырғыш құралын сыйға тартсаңыз, оны әрқашан да ыстық шәй немесе кофемен қамтамасыз еткеніңіз. Расында да, бәріміз де саптыаяғымызға не кесемізге ыстық шәйді құйып алып, көңілімізді компьютерге бөлеміз. Біраздан кейін шәйдің суығанын байқауға болады. Бұндай жағдай орын алмас үшін usb қыздырғыштың сымын компьютеріңізге қосып алыңыз. Шәйіңіз ешқашан да суымайды.

 

                         3. Желдеткіш

 Көктем енді ғана келгенімен, жаз туралы ойланған да артық болмас деген оймен, біз сіздің назарыңызды мына бір қызық құрылғыға аударғымыз келіп тұр. Жазғы күні кеңсесінде арнайы ауа желдету жүйесі жоқ жандар үшін кішкентай USB-желдеткіштің көмегі зор болады. Иә, қазіргі кезде кеңселердің көбінде арнайы ауа желдеткіш жүйесі кездесе бермейді. Ал жазда ауа температурасы үлкен санға дейін өсуі мүмкін. Ыстық ауа массаларының адам денсаулығына зиян келтіреді. Сондықтан да, сүйікті жаныңыздың денсаулығын сақтау үшін мына кішкентай ғана гаджетті сыйласаңыз болады.

 Барлық Компьютерлік гаджеттер сияқты, бұл желдеткіш те USB тіркеуіші арқылы компьютерге қосылады.

4.Таразы-тақтайша

 

 Тамақ даярлау әрбір нәзік жан үшін күнделікті іс. Әрине, тамақ даярлауда тағамдардың пропорциясында қателесіп кетпеу үшін ас үйге арналған таразыны қолдануға болады. Бірақ ас үй таразысын күнделікті пайдалану ыңғайсыз болғандықтан, техно гаджеттерді ойлап табатын өнертапқыштар әйел баласын тағы бір жаңа өнімімен қуантпақшы. Суреттен көріп отырғаныңыздай, бұл таразы-тақтайшаның көмегімен сіз тағамдарды турап алып, оларды қызыл дөңгелектің ішіне орналастырсаңыз, туралған азық-түліктің салмағы көрсетіледі. Бұл гаджеттің көмегімен тағамды ысырап пайдаланудан аулақ болып, үйіңіздің қаражатын үнемдей аласыз.

Нәзік жандар үшін осы құрылғы таптырмайтын сыйлық.

 

 

 

5. Фоторама

 Компьютерлік гаджеттерді құрастыратын компания фоторама мен тоңазытқыштарға жабыстыратын магнит-ойыншық идеясын негізге ала  отырып, өте қызық дүние ойлап тапты.

Қымбатты аруларымыз бос уақыттың біраз бөлігін ас бөлмесінде өткізетіндіктен, көп жағдайда олар сүйіктілерін жиі сағынады. Ал сіз олардың көңілі түскенін қаламайсыз ғой? Сүйіктілеріміздің суретін әрдайым көргенде көңіліміз көтеріліп, жанымыз бір тынышталып қалатыны рас. Сондықтан да, назарларыңызды мына фоторамаға аудартып отырмыз. Осы фотораманың арқасында  тоңазытқышқа жақындағанда,  сүйікті адамыңыздың махаббатын еркін сезіне аласыз. Біздің ойымызша, өте  қызықты әрі пайдалы сыйлық. Сүйіктіңіз әрқашан да жаныңызда болсын!

 

                                                                       6. USB флеш жады

  Қазіргі таңда "флешкалардың" неше түрлісі болады емес пе? Қызықты гаджеттердің қатарын саусақ батарея формасында орындалған USB флеш жады толықтырып отыр.  Заманауи технологиялардың дамығаны соншалықты, қазіргі таңда "флешка" мен USB модемді шатастырып алу түк емес. Ал егер сіз сүйіктіңізге осындай біртума флеш жады құрылғысын сыйға тартсаңыз, ол оны ешқашан да USB модеммен шатастырып алмайды. Бір жағынан өте қызық әрі пайдалы сыйлық. Заман талабымен өмір сүретін адамдар үшін флеш жады қажетті құрылғының бірі болары сөзсіз.

 


Суреттер: joystore.ru, images.yandex.kz

653 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 05 наурыз 2012, 01:00
Пікірлер
+0
05 наурыз 2012, 09:10

а бұларды қайда сатат?

+0
05 наурыз 2012, 10:09

Асеке, интернет деген бәледен не деген дүниелерді сатып алуға болад ғо

+0
05 наурыз 2012, 23:37

таразы-тақтайша қатты ұнадыыыыы

+0
05 наурыз 2012, 23:40

маған да деппа

+0
05 наурыз 2012, 23:42

қарасам кімге не ұнағанын байқап отырған сияқтысыз. ойлағаным ғой мүмкін сыйлап қала ма деп...))) содан сіздің пікіріңізге жауап ретінде жазғам)))) қумын ия)

+0
05 наурыз 2012, 11:53

USB флеш жады ұнап тұр ))))))

+0
05 наурыз 2012, 14:58

плешка ұнады дейсің ғо

+0
05 наурыз 2012, 15:28

Мен үшін қазір USB - прожекторының қажеттігі артып тұрғаны, ел жатқанда кітап оқуға кірісетін әдет тауып алғаным ))))

+0
05 наурыз 2012, 15:49

Таразы-тақтайша!аааааааааа!

+0
05 наурыз 2012, 16:05

білібедім)))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...