8 наурыз мерекесіне арналған сценарий – 3

8 наурыз мерекесіне арналған сценарий – 3

Аяулы да қымбатты аналар мен аруларымыздың мерекесі 8 наурызда екі тілді мектептерге арналған «Ана дейтін асыл жан» атты кештің сценариін ұсынамыз.

Концерттің ашылуы : Күй ойналады

1-жүргізуші:

Алдарыңызда «Ерке сылқым» күйі


Қайырлы күн, абзал жанды аналар, ақ жаулықты әжелер, аяулы қыздар және қонақтар! Сіздерді жыл басы көктемнің айтулы мерекесі 8 наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтау тілегімді қабыл алып, өздеріңізге арналған салтанатты концертімізді ашық деп жариялаймыз!

2-ведущий:

Добрый день дорогие мамы, уважаемые бабушки, милые девушки и гости нашего вечера! Разрешите поздравить Вас с  Международным женским днем 8 Марта! Желаем  Вам веселого настроения и всего-всего наилучшего на свете!

1-жүргізуші:

Мерекелік құттықтау сөз мектебіміздің директоры ... беріледі.


Мектеп оқушыларының орындауында хор

2-ведущий:

Ты - женщина. Ты – мать. Жена. Подруга.

Любимая. Хозяйка. И сестра.

Вселенная. Страдание. И мука.

Ты – женщина. Ты – искра от костра.

Ты – женщина. Ты – истина. Ты – сила.

И красота. Господь благословил

Тебя на все дела, как ты просила.

Бог чудом – женщиной – нас щедро одарил.

1-жүргізуші:

Шығыста: «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» дейді. Қазақ әйелі бағзыдан даланы қорғаған, ерлермен бірге ерлік жасаған. Қазақ әйелі тек қана ошақ басының емес, бүкіл өмірін, ұрпағын сақтаған, ерліктің үлгісін көрсеткен. Бесік тербейтін, батырды өсіретін, ұлтымызды сақтайтын, ертеңгі ерлерді өсіретін әйел, келін, ана!

2-ведущий: Следующий музыкальный номер посвящается всем родителям нашей школы в исполнении ...


2-ведущий:

Самое прекрасное и трогательное слово на свете – мама. Это первое слово, которое произносит малыш, и звучит оно на всех языках одинаково нежно. У мамы самое доброе и верное сердце, самые ласковые и нежные руки, которые умеют все. А в верном и чутком сердце мамы никогда не гаснет любовь к детям. Милые наши женщины, разрешите от всей души поздравить Вас с этим праздником и пожелать Вам в этот торжественный день крепкого здоровья, семейного благополучия и согласия, стойкости и терпения, мира и долголетия, а также всегда хорошего настроения!

1-жүргізуші:

Күн болмаса, кім ерітер мұздарды,

Ағашы жоқ таулар қандай ызғарлы.

Жігіттерге жақсы  сая болсын деп,

Әуелерден жаратыпты-ау қыздарды

2-ведущий:

Спасибо, нашим очаровательным девочкам, и продолжим наш праздничный концерт с песней «Балхадиша» в исполнении трио ...


2-ведущий:

Учителя сегодня так прекрасны,

Так обаятельны, нежны!

Так будьте счастливы, здоровы,

За все беритесь горячо,

А мы подставить вам готовы

Свое надежное плечо.

Желаем вам в делах удачи,

Любви красивой и большой!

Вы улыбаетесь, а значит,

Все в жизни будет хорошо!

2-ведущий:

Анаға сәлем — песня в исполнении ученика ... класса  ...


1-жүргізуші:    

Кім сендерді  балалар сүйетұғын,

Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын.

Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай

Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.    

Кім сендерді, балалар тербететін,

Еркелетіп, ойнатып,   сергітетін?

Жалқау болсаң, балалар,  жаман болсаң,

Қамқор анаң көз жасын көлдететін.

Кім сендерді сағынар шетке кетсең,

Ғылым іздеп, тез қайтпай, көпке кетсең.

Ұмытпа, ең кемінде жұлдыз сайын,

Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін.

Кім сағынар сендерді  келгеніңше,

Құлындарын көзімен көргенінше?

Сендер қайтып келгенде адам болып,

Еш арманым болмас дер өле-өлгенше.

2-ведущий:

Весь мир оделся в праздничный наряд,

И к нам пришла красавица-весна!

И самый лучший праздник на земле

С собой для милых женщин принесла!


Ақындардың анаға арналған өлеңдері оқылады...   

1. Құлайын деп бара жатам құлдырап,

Көңілім жүдеп, көзім алды бұлдырап,

Сол кезде бір ән естимін жақыннан,

Аққан бұлақ секілденген сылдырап.

Есім жиып, өз бойымды тік ұстап,

Тіршіліктің әуенімен тыныстап,

Сергимін де, сезім гүлін құлпыртам,

Кел дегендей болады бір күміс бақ..

Сөндім-ау деп, өлдім-ау деп ышқынып,

Қалған кезде бойымдағы күш бұғып,

Сөнбейсің деп дауыстайды анашым,

Мен орнымнан жығыламын үш тұрып.

Ойнап шығам содан кейін құрақтай,

Жарқылдаймын жүрегімді жылатпай,

Мүмкін,мүмкін ана махаббаты шығар бұл,

Мені сүйеп келе жатқан құлатпай.

Авторы: Тұманбай Молдағалиев


2. Әже туралы ән 

Асыл әжем, ғасыр әжем аңсаған,
Сағынышым - сары ормандай самсаған.
Әке болып жүргенімді ұмытып,
Әлі күнге еркелеймін мен саған.

Құлындаймын асыр салған аңғарда,
Қозыңдаймын ойнақтаған албарда.
Өзің барда қысылмаймын күлуге,
Жылауға да қысылмаймын сен барда.

Мен өзіңнен қабылдаппын сүюді,
Мен өзіңнен қабылдаппын күюді.
Сенің жаның жүрегіме ораулы,
Менің жаным жаулығыңа түюлі.

Тұра тұршы түзелгенше бұзығың,
Жүре тұршы жалғанғанда үзігің.
Маған дәулет неге керек, ақ әже-ау,
Өзің бірге көре алмасаң қызығын?!

Авторы: Қадыр Мырзалиев
    

1-жүргізуші: 

Гүлдей болсын өміріңіз,

Нұрға толсын көңіліңіз.

Биік боп жұлдызыңыз

Көктемдей құлпырыңыз.

Бақыт қонсын басыңызға

Қолдап жүрсін Тәңіріңіз!


2-ведущий:

И напоследок от всей души хотим пожелать вам:

Пусть дети вас не огорчают,

Прекрасны будут, как цветы!

Пятерки в школе получают,

И воплощают все мечты.

Хор. «Әрқашан күн сөнбесін»

2-ведущий:

С праздником вас, дорогие учителя-женщины и девчонки! Пусть сопутствует Вас удача! Мы Вас любим и уважаем. До следующих встреч!

1-жүргізуші: 

8 наурыз мерекесі құтты болсын, аяулы жандар! Дендеріңіз сау, бастарыңыз аман болсын! Келесі кездескенше сау болыңыздар!

8 наурыз мерекесіне арналған сценарий

8 наурыз мерекесіне арналған сценарий – 2

8 наурыз. Жастар кешіне арналған сценарий

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: pux.su

Қ. Бүйенбай