"Massaget.kz" жұлдыздары құттықтайды

"Massaget.kz" жұлдыздары құттықтайды

Құрметті Қазақстандықтар!

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын,

Қайда барсаң, жол болсын!

Наурыз құтты болсын!

Бұл күні табиғат көктеп, жаңа күн айналасына нұр-шапағатын төгіп, жер бетіне жақсылық орнайды. Наурызда ескі өкпе-реніштер ұмытылып, татулық пен бірліктің тұғыры нығайтылады. Бұл мереке кербез келешектің бастамасы!

Жаңа жыл елімізге бейбітшілік пен тыныштық, татулық пен ынтымақ, бақ-береке мен құт-байлық әкелсін! Әз Наурыз мерекесінде сіздерге ашық аспан, мол шаттық, отбасыларыңызға амандық тілейміз!

Ізгі ниетпен, «Арт-Дала» тобы

Аса қадірлі қазақ елі!

Баршаңызды жер-дүниені жаңғыртып, аязды күндерді артта қалдырып, шуақты мезгіл көктемді ерте келетін Ұлыстың Ұлы күні Әз Наурыз мейрамымен құттықтаймын! Келер жыл елімізге тыныштық, отбасымызға амандық, шаңырағымызға құт-береке сыйласын! Бастаған ісіміз табысты, еңбегіміз жемісті болғай!

Шын жүректен, Ардақ Бәлтаев


Ғ. Ұзақ