- Негізгі бет
- НАУРЫЗ 2014
- 22 наурыз мерекесіне...
22 наурыз мерекесіне қыздар сыйлық таңдайды
Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. 21-22 наурызда күн мен түн теңеледі. Наурыз деген сөздің өзі «нау» - жаңа, «руз» - кун деген сөздерден алынып, Жаңа жыл деген ұғымды білдіреді. Түркі халықтары Наурызға дайындалады. Олар үй, арық, аула, көшені тазалайды. Ағаш, гүл егеді. Дәмді тағамдарға толы дастарқан жаяды. Ән шырқап, би билеп, ойын ұйымдастырады. Осы мереке қарсаңында қыздар қауымы да жақын адамдарына сыйлық сатып алады. Бүгін сіздерге сыйлық таңдауға Диляра Дәуренқызы көмектеседі.
Сағатты кез келген жасқа лайықтап сатып алуға болады. Оны бизнес немесе білім саласында қызмет жасап жүрген асқар таудай әкелеріміз бен ағаларымызға сатып алуымызға болады.
Суретке түсіруді немесе естелікке қалатын сыйлықтарды жақсы көретін жандар үшін - сурет салуға арналған жиек.
Атамызға - шапан.
Бауырларымызға - қазақы оюлармен әшекейленген пенжек.
Жасы үлкен ағаларымызға - шапан мен бас киім.
Қымызды ұнататын жандарға - торсық.
Атқа мінетін бозбалаларға - қамшы.
Сурет өнерін сүйетіндер үшін - картина.
Техниканы жақсы көретін жандарға - ұялы телефон.
Студент жігіттерге - сөмке.
Шығармашылық адамдарына - кітапша мен қалам.
Техникаға құмар іні-қарындастарымызға - планшет.
Кино саласында қызмет жасап жүрген достарымызға - видеокамера.
Әуен тыңдайтындар үшін - құлаққап.
Фильм көргенді жақсы көретіндерге - кино дискісі.
Және аналарымыз бен әпкелерімізге - тәтті шоколад.
Естелікті жақсы көретін адамдарға - сувенир ойыншықтар.
Мassaget.kz порталы халқымызды төл мереке – 22 наурызбен құттықтай отырып, баршаңызға денсаулық, береке, махаббат тілейді!
22 наурыз мерекесіне жігіттер сыйлық таңдайды
Дайындаған және суретке түсірген: Қарлыға Бүйенбай
Қ. Бүйенбай