15 сәуір - Ғашықтар күніне арнап сүйіктіңізге романтикалық тарту ретінде мынандай "Махаббат тортын" жасап көріңіз. Еңбегіңіз бен ниетіңіз сөзсіз бағаланады.
| Қамырдың құрамы:
| |
| Жұмыртқаның сарысы мен ағын бөлеміз. | |
| Жұмыртқаның сары уызын қанттың жартысымен (50г) миксермен араластырамыз. | |
| Ақуызды көбіктенгенше миксермен араластырып, қалған қантты қоса отырып, тағы да араластырамыз. Көбіктенген ақуыз бен сарыуызды қосамыз. | |
| Ұн, крахмал мен какао ұнтағын араластырамыз. | |
| Қызыл бояуышты суда ерітіп, майды жібітеміз. | |
| Дайын болған қоспаны құйып араластырамыз. | |
| Бояғыш пен еріген майды да осында құйып, жақсылап араластырамыз. | |
| Жүрек пішінді табаны майлап, кішкене ұн себеміз (қамыр жабысып қалмау үшін). | |
| Қамырды құйып пісіру пешіне саламыз. | |
| Орташа отта 25 минут пісіріңіз. | |
| Піскенін ағаш таяқшамен тексеріңіз. 5 минутқа пішінде қалдырыңыз. | |
| Пішіннен шығарып, бірнеше сағатқа қалдырып қойыңыз. Осылайша қамыры қатайып, басылады. | |
| Бәлішті ортасынан пышақ пен жіптің көмегімен екіге бөліңіз. | |
| Крем мен әшекелеуге:
| |
| Қаймақ пен қантты миксермен араластырыңыз. | |
| Торттың бірінші қабатына крем жағыңыз. Қаласаңыз, ортасына жемістер салуға болады. | |
| Екінші бәлішпен жабыңыз. Үстінен тағы крем құйып, ақ шоколадпен әдемілеңіз. | |
| Торт дайын! Астарыңыз дәмді, махаббатыңыз баянды болсын! 15 сәуір - Ғашықтар күні құтты болсын! |
Дайындаған: Сания Аринова
С. А