Камшат Жолдыбаева "Жұлдыз ФМ" радиосына қонаққа келеді

Камшат Жолдыбаева "Жұлдыз ФМ" радиосына қонаққа келеді
Фото: yvision.kz

Ертең, яғни 15 қыркүйек күні "Жұлдыз ФМ" радиосына танымал әнші Камшат Жолдыбаева қонаққа келеді.

Сағат таңғы 8 бен 10 аралығында "Таңғы шоу" бағдарламасына қазақ эстрадасының әншісі Камшат Жолдыбаева келеді. Камшат халыққа тек әнші ретінде емес, "Тракторшының махаббаты" сериалындағы рөлі мен музыкалық шоуларды жүргізген тәжірибесімен танылған еді. Баян Есентаевамен бірнеше жыл біріге істеп, "КешYOU" тобында өнер көрсетті. Қазір жеке әнші ретінде сахнаға шығып жүр.

Камшатқа қояр сұрақтарыңыз бен айтар тілектеріңіз болса, сағат 8 бен 9 аралығында болатын "Таңғы шоу" бағдарламасын жіберіп алмаңыз!

Ф. Абилова