Режиссер, продюсер Әлішер Сүлейменов «Жұлдыз FM» радиосына қонаққа келеді

Режиссер, продюсер Әлішер Сүлейменов «Жұлдыз FM» радиосына қонаққа келеді

Белгілі режиссер, продюсер, актер және әнші, композитор Әлішер Сүлейменов Жұлдыз FM радиосына қонаққа келеді.  

Әлішер сәуір айының 8-і күні сағат 15:00-де «Жұлдыз FM» радиосының «Жұлдызды қонақ» бағдарламасында тікелей эфирге шығады. Ол көпшілік тыңдармандармен алдағы уақыттағы жоспарын бөлісетін болады. Әлішер Сүлейменовке қояр сұрақтарыңыз болса, міндетті түрде хабарласыңыздар! Біздің байланыс телефонымыз: 3-888-101. Сондай-ақ, 6100 қысқа нөміріне хат жолдау арқылы көкейдегі сұрақтарыңызды қоя аласыздар. Хат басында "радио" сөзі міндетті түрде болуы керек.

Әлішер Сүлейменов Алматы қаласында дүниеге келген. Әкесі - белгілі жазушы Асқар Сүлейменов. Бала кезінде «Құлагер», «Третья сторона медали», «Осенние извилистые дороги», «Сани в гору и под гору» секілді фильмдерде түрлі рөлдерді сомдаған. Бүкілресейлік Мемлекеттік кинематография институтын тәмамдаған. 1990 жылы «Птица» фильмінің сцеанарий авторы және қоюшы режиссері ретінде тұңғыш жұмысымен жұртқа танылды. Бір жылдан соң «Айналайын» кинофильміндегі толық метражды сценариі алғашқы рет халық назарына ұсынылды. Актер ретінде ол «Лейтенант С», «Жертва для императора», «Жизнь после смерти» және тағы да басқа фильмдерде рөлдерді сомдаған. Қазақстан Жастар мемлекеттік сыйлығының лауреаты. 

Сурет: strategy2050.kz

Н. Айдархан