Серікбол Сайлаубек "Жұлдызды қонақ" бағдарламасында

 Серікбол Сайлаубек "Жұлдызды қонақ" бағдарламасында

Құрметті өнер сүйер қауым! "Жұлдыз ФМ" радио толқынында әдеттегідей күндізгі сағат 15:00-де 25 ақпан күні "Жұлдызды қонақ" бағдарламасына Серікбол Сайлаубек қонаққа келеді. Ол өзіндік ерекше дауысымен, орындау мәнерімен көптің ықыласына бөленіп үлгерген әнші. Бүгінде оның ән жинағында 25 ән бар. Патриоттық әндермен қатар лирикалық әндер де орындайды. Оның орындау мәнерін Ресейлік әнші Григорий Лепске ұқсататындар да аз емес. Ал Григорий әнді жан тәнімен беріле айтатын әнші. Ендеше, қазақтың Григориі Серікболға  қояр сұрақтарыңыз болса, міндетті түрде хабарласыңыздар! Біздің байланыс телефонымыз : 3-888-101.

Ж. FM