Сүрбойдақ

Қоғамда теңін таппай жүрген қыздар мен сүрбойдақтар мәселесі жиі қозғалады. Алайда олардың қарасы кемитін емес. Мамандардың айтуынша, жалғыз өмір сүріп жатқандардың көбі әйел алып, бала сүюді "аяққа тұсау салу әрі мойынға қамыт ілу" деп санайтын көрінеді. Ресми дерекке жүгінсек, отбасын құрмай жүрген жігіттердің дені 30 бен 40 жасты алқымдағандар екен. Назарларыңызға режиссер Ермек Зақарияның осы мәліметтерді негізге алып дайындаған "Сүрбойдақ" атты ролигін ұсынамыз.