Кредитке көмілген қазақ / Мәжілістің жалпы отырысы

14 мамырда Мәжілістің жалпы отырысы өтті. Депутаттар бірінші оқылымда "Жасанды интеллект туралы" заң жобасы және оған ілеспе түзетулерді, ал екінші оқылымда азаматтық қорғау мәселелері бойынша заң жобасын қарады.

Депутаттар өткір сұрақтар қойып, Үкімет мүшелеріне депутаттық сауалдарын да жолдады. Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы қазақстандықтардың жеке деректері тарап кеткенін айтып дабыл қақса, Жұлдыз Сүлейменова жеті депутаттық сауалына да тиісті жауап берілмегенін айтып, Үкіметті сынады.