Әли Оқапов - Бақытты қарсы алайық

Өнер жолын өзінің ерекше стилімен бастаған Әли Оқапов бүгінде жастардың сүйікті әншілерінің қатарынан орын алуда. Толассыз еңбекпен ерекше ойлар, бұл жігіттің біраз шыңдарды бағындыруына үлкен жол ашты. Осындай аянбай тер төгудің арқасында Әли Оқаповтың тағы бір жаңа бейнебаяны жарыққа шықты. "ОрысStar" деген атпен танымал болған үш орыс жігіті клиптің көрікін одан әрі қыздыра түсті. Күлкілі оқиғаларға толы әсем ән "Бақытты қарсы алайық" деп аталады. Сонымен Әлидің жаңа жұмысына қандай баға бересіздер?