Камила Жұмабаева - Қазақ батырлары

"Болат - қайнауда шынығады, батыр - майданда шынығады" демекші ежелден жауына қасқайып тұрып қасық қаны қалғанша елін, жерін қорғап ұрпағына аманат ету үшін аянбай тер төккен батырлар қазақ даласында аз болмаған. Олардың ерліктері туралы талай аңыз әңгімелер де ауыздан ауызға таралып, ұрпақтан-ұрпаққа айтылып келеді. Бұрыңғы дәуірде баһадүрлердің ерліктерін эпостық жырларға жазып қалдырса, бүгінде Камила Жұмабаева есімді қазақ эстрадасына жаңа із салған ару қызымыз "Қазақ батырлары" атты жаңа ән салып, бейнебаян түсірді. Клиптің сюжеті әр дәуірдің өз батыры бар екенін көрсетіп, болашақ ұрпаққа ой салуға бағытталған.