Шамшадин Омаров & Әлібек Әлмәдиев - Біргеміз

"Алдаспан" тобының әншісі Шамшаддин Омаров "Хочу к Меладзе" жобасының финалисі Әлібек Әлмәдиевпен бірге "Біргеміз" атты жаңа бейнебаян түсірді. Халқымызды бірлік мен татулыққа шақырып, тоқсаныншы жылдар мен қазіргі заманды әдемі үйлестіріп, әнді де нақышына келтіріп орындаған жас жігіттердің бұл жобасы күллі қазаққа ой салар деген ойдамыз. Олай болса, бір үйдің баласындай бірлікке шақырған "Біргеміз" бейнебаянын көріп, сіз де өз ойыңызбен бөлісе отырыңыз.