Жанар Дұғалова - Айта берсін

"Turkvizyon-2014" жеңімпазы Жанар Дұғалова жаңа бейнебаянымен өз тыңдарманын тағы бір қуантты. "Айта берсін" әніне түсірілген бейнеклип көптің сөзін көңілге алмай, тек алға ұмтылуға шақырады. Өмірге өкініші көп жандардың жалған дүниеден өз еншісіне ұмтылу барысында көп қиындыққа кез болатынын, нәтижесінде болашақта үлкен белестерді бағындыруға септігін тигізетінін көрсеткен клипті көріп,ойыңызды білдіріңіз.