Бейбіт Көшқалиев - Бәрі де өтер

Бәрі де өтер
Келер де кетер
Кемесіменен уақыттың
Тоқтамасаң
Тап боласың
Мекен-жайына бақыттың

Жан-жағы көктем, жанары күз
Жалғызсырайды ол жаралы қыз
Бақыттан мүлде сен үмітіңді үзбе
Көктемде бір гүл
Жарады мұз!

Бәрі де өтер
Келер де кетер
Бір бақытыңды табарсың
Таба алмасаң
Сол бақытты
Қолыңнан жасап аларсың

Жан-жағы көктем, жанары күз
Жалғызсырайды ол жаралы қыз
Бақыттан мүлде сен үмітіңді үзбе
Көктемде бір гүл
Жарады мұз!