Серік Ибрагимов - Сенің үйіңмін

Бірге серуендегелі
Сен,мен дегелі
Көргенде мені
Көзің айдай жанады
Жайнай қалады
Шайдай болады
Майдай жағады.

Гүл гүл гүл гүлдей болып
Маған бұйырдың.
Мен сенің ең керемет көңіл күйіңмін.
Мен сенің ең тамаша тосын сыйыңмын, жаным
(Мен сенің Аристотель, Фарабиіңмін)
Мен сенің ақылшыңмын,
сенің үйіңмін.
Мен сенің қорғаныңмын,
сенің үйіңмін.

Бірге ойнап-күлгелі
Жайнаттың мені
Бойдақ күндегі.
Сезім лаулап тұр әлі
Лаулап тұрады
Екі жүректі
Жалғап тұрады.