Ерке Есмахан - Еркелей берем

Сағынасың, сен мені сүйесің, еркелетесің,

Көңілімді аулайсың, кешімді көркем етесің.

Қадіріме сен менің баскадан ерте жетесің!

Өмір теңіз толқыса, жаныңды желкен етесің!

Қайырмасы:

Еркелей берем, еркелей берем,

Құшағыңа бір қысып сен мені жалғызым десең!

Еркелей берем, еркелей берем,

Еркелетіп, құшақтап сен мені тағдырым десең!

Қуанышпен шаттыққа толтырып әрбір күнімді!

Махаббат пен сезімнен сыйлайтын алтын гүлімді!

Баяны бар бақытқа бөледің, жаным сен мені,

Ал мен болсам бір саған арнадым Бар ғұмырымды!

Қайырмасы:

Еркелей берем, еркелей берем,

Құшағыңа бір қысып сен мені жалғызым десең!

Еркелей берем, еркелей берем,

Еркелетіп, құшақтап сен мені тағдырым десең!