Жанболат пен Жазира – Майда майда

Сыйлаймын, сүйіп, 
Қадірің биік
Өтемін саған, 
Басымды иіп. 

Арманым болған, 
Сен – алып қорған.
Түсірмей жүрсің,
Аялап қолдан. 

Бағалы көктем, 
Бағаңа жетем.
Өзіңмен өмір, 
Ғаламат екен. 

Сен нәзік гүлсің, 
Құлпырып тұрсың.
Мінезің жұмсақ, 
Жүрегің тылсым. 

Қайырмасы: 

Жауады, майда, майда, майда, майда, майда жауын,
Қалады, қайда, қайда, қайда, қайда, қайда, жастық шағым?

Жауады, майда, майда, майда, майда, майда жауын,
Қалады, қайда, қайда, қайда, қайда, қайда, жастық шағым?

Қуанып күнде
Болайық бірге.
Алыстамашы
Жанымнан мүлде.

Көктем бе, күз бе, 
Сертіңді үзбе. 
Ризамын ғажап, 
Өмірімізге.

Тербелсін айдын, 
Болмасын қайғың.
Күнімді күнге
Алмастырмаймын. 

Жазылмас жырдай, 
Айтылмас сырдай. 
Сақтаймын сені,
Қарашығымдай.

Қайырмасы: 

4 рет қайталанады

Жауады, майда, майда, майда, майда, майда жауын,
Қалады, қайда, қайда, қайда, қайда, қайда, жастық шағым?

Жауады, майда, майда, майда, майда, майда жауын,
Қалады, қайда, қайда, қайда, қайда, қайда, жастық шағым?

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту