Асылжан Абдулла – Үзіліс

Бәріне үзіліс керек болды.

Үнсіздік себеп болды.

Сенің де менің де, жаным,

Белгісіз мұңға толды.

Үзіліс керек болды.

Өткіздік ұзақ жолды.

Алыстап кетпейік бірақ

Кездесу емес соңғы...

 

Екеумізде де кінә жоқ шығар, жаным-ау,

Алайда қиын сәтте керек налымау.

Сөйлемей жан-дүниеміз

Таусылып әңгімеміз,

Махаббат біздерге соғып тұр қоңырау.

Қайырмасы

Бәріне үзіліс керек болды.

Үнсіздік себеп болды.

Сенің де менің де, жаным,

Белгісіз мұңға толды.

Үзіліс керек болды.

Өткіздік ұзақ жолды.

Алыстап кетпейік бірақ

Кездесу емес соңғы...

 

Махаббаттың да болады екен-ау тағдыры.

Жанардың жаумасыншы, жаным, жаңбыры.

Бақытты боламыз ба,

Дос болып қаламыз ба,

Үзіліс біткесін шешілер барлығы...



Бөлісу: