Жолдасбек Әбдіханов - Қазақ үшін

Жолдасбек Әбдіханов - Қазақ үшін (текст)

Қазақ үшін, қазақ үшін туғанмын
Қазақ үшін белді бекем буғанмын
Қазақ үшін Жаратқаннан бақ тілеп
Қазақ үшін жан ауыртқан ұлданмын
Қазақ үшін керек болса құрбанмын

Қайырмасы:
Қазақ үшін мың тіріліп, мың өлем
Қазақ үшін Күн боп шығып, нұр төгем
Қазақ үшін аянбаймын ешқашан
Бәріміздің парызымыз бұл деген
Қазағым тек қазақ үшін

Қазақ үшін қорған болған бар асыл
Қазақ үшін сен де солай аласұр
Қазақ үшін көк байрақт қолға алып
Қазақ үшін абыройды тағы асыр
Қазақ үшін қазақ ғана жанашыр



Бөлісу: