Ғаділбек Жаңай – Сұлу сұлу

Сұлу сенің бейнеңе,
Жарасады жымиғаның.
Сұлуым-ау үйге де,
Жылу сыйлап тұр иманың...

Қайырмасы

Сұлу, сұлу, сұлу  әдемім, әдемім.
Сұлулықтың сенсің дәлелі.
Сұлу, сұлу, сұлу, әдемім, әдемім
Сұлулыққа ғашық жан едім. 

Сұлу сенің жанарың,
Жарасымды киінгенің.
Сұлу етер маралым,
Анама келіп иілгенің.

Қайырмасы

Сұлу, сұлу, сұлу әдемім, әдемім
Сұлулықтың сенсің дәлелі
Сұлу, сұлу, сұлу, әдемім, әдемім
Сұлулыққа ғашық жан едім.