Ерке Есмахан - 1001 күн

Ерке Есмахан "1001 күн" атты әнге бейнебаян ұсынды. Бұл клип шынайы оқиға желісінде түсірілген. Ерке Есмахан бір сұхбатында былай деді: "Атырау облысында Шалқар деген азамат наурыз айында өзінің жұмыс бабында басқа бір жанды құтқарамын деп өзі ажал құшты. Ол жігіттің маған батырлығы, қайсарлығы және де оның жақында шаңырақ көтерейін деп жүргені, жалпылай айтқанда бұл оқиға менің жаныма қатты батты. Мен клип түсірмес бұрын оның анасынан және сүйіктісінен рұқсат алдым." Клип сапалы әрі өте әсерлі.