Мадияр Алинұров – Қаншама күн

Қазіргі кезде өз бағасын өзі жоғалтып, жігіттің дегеніне бірден көнетін қыз көп. Оның ішінде қадірін кетірмей, сыныма төзсін, назыма көнсін деп, қыз болған соң жігітке жауабын айтпай біраз жүретін қыздар да бар. Әннің сөзі сондай жағдайға құрылған. Бейнебаянның сценариі мәз емес болғанымен, Мадияр Алинуровтың кәсіби түрде жасалған алғашқы жұмысы болғандықтан, кемшіліктеріне көз жұма қарауға болады. Клипті өзіңіз көріп, бағасын беріңіз.