Әmre – Анашым

Әлемдегі барлық адамның тірегі, жүрегі саналатын ана есімі мәңгілік тұғырдың биігінде болатыны сөзсіз. Ғаламға шуағын шашып тұрған аяулы жандардың алдында қаншама жақсылық жасаса да, баланың қарызы өтелмейтінін бабаларымыз да айтып өткен. Бүгінгі таңда анасын әуреге салған жандарды көріп көңіл жабырқағанымен анасын әлпештеп отырған азаматтар мен азаматшаларға қарап қайтадан керемет бір күйге енесің. Қазақ эстрадасына енді-енді қадам басқан "Әmre" есімді жігіт өзінің "Анашым" атты жаңа бейнебаянын жарыққа шығарған екен. Аталған клипте күні кеше ғана өткен 8 наурыз халықаралық әйелдер күнінің де керемет көріністері бар. Тамашалаңыз!