Жайна Туманова – Ғашық әнім ТҮЗЕУ КЕРЕК

Қазіргі уақытта керемет дауысы бар жандардың біразы әні мен бейнебаянын ғаламтор желісінде тарату арқылы да атын шығарып, әнші екенін мойындатуды жақсы біліп алды. Жас жұлдыздарды мақсаттарына бір табан жақындататын интернет құрылғысы көпшілікке де жақсы таланттарды тез арада таныстырады. Соның бірі Жайна Туманова.  "Ғашық әнім" деп аталатын әніне бейнебаян түсіріп, ерекше дауысының бар екендігін дүйім жұртқа көрсете білді. Таңдай қақтырарлық табиғат аясында түсірілген тың туынды, сіздің де көңіліңізді бірден баурап алатыны сөзсіз.