Мирас пен Құралай - Тасарал

Қазақ эстрадасының керемет жұптарының бірі Мирас пен Құралай жаңа бейнебаяндарын жұртшылыққа тарту етті. Бұл жолы қос әнші өздері туған "Тасарал" өңірін әнге қосуды жөн санаған екен. Балыққа толы Балқаш көлінің жағасында түсірілген бейнеклип бірден көрген жанды өзіне баурап алады. Сапасы жоғары тың туындыны тамашалаңыздар.