Дана – Кім еді ол

"Кім еді ол" деп, әткеншекте тербеліп өзінің алдамшы сезімі сыйлаған жанды көз алдына елестетіп отырған Дана есімді жас жұлдыз жаңа бейнебаянын жарыққа шығарыпты. Әні мен сөзі бір-біріне керемет үйлескен әуеннің орындаушысы да жаман емес. Клиптің жайма шуақ жаз мезгілінде түсірілген көріністері көңіліңізді суық күздің салқынынан бір уақыт болса да арылтып тастайды. Дананың осыған дейінгі әндерін тыңдап жүрген көпшілік Айдана Меденоваға ұқсас жерлері бар екенін жарыса жазды. Сонымен көптің көңілінен шыққан өнерді сіз де тамашалаңыз.