UmaY - Шабыт

Негізінен әрбір шыққан клип креативтілігімен және жағымды көріністерімен халықтың жадында бірден жатталады. Осындай ерекше бейнебаянды "UmaY" тобы да түсірген екен. "Шабыт" деп аталатын әуезді әнде бәрі де ерекше. Топ мүшелерінің құлағына телефон қыстырып, ары-бері жүріп соңында байланыс үзілгеннен кейін өз қалыптарына келгенін жақсы көрсеткен. Сонымен жаңа топтың жаңа жұмысымен таныс болыңыздар.