Қалтафон құпиялары - 2

Қалтафон құпиялары - 2

"Қалтафон құпиялары" деген жазбамызға "жалғасы бар" деген ескерту жасаған едік. Міне, бүгін сол жазбаның толығын ұсынып отырмыз.

8. Желі байланысы төмен кезде қалтафонды істетпеңіз

Қолфоныңызда бір ғана сеть тұрса немесе желімен байланыс мүлде жоқ кезде телефон соғушы болмаңыз. Себебі, дәл сол кезде телефоннан шығатын электронды магнит ағысы әдеттегіден 1000 есе жоғары болады. Бұл жағдай осы салада еңбектеніп жүрген мамандардың басын ауыртатын мәселеге айналған. Әдетте өндіруші компаниялар желі байланысы төмен аудандарға арнап магнит өрісі жоғары телефондарды өндіреді. Қолфонның сеті толық кезде оның магнит өрісі 0,6 уат болады. 0,6 саны аса жоғары көрсеткіш болмаса да, мына тәжірибеге қарап көріңіз:

  • Қарапайым, шығын ғана радиоқабылдағыштың дауысын ең жоғары шекке жеткізгенде, оның магнит өрісі 0,25 болады. Яғни, телефонның 1/3 ғана.
  • Саусағыңызды 0,1 уат электр сымына тигізіп бірнеше минут тұрсаңыз, саусағыңыздың ауырғанын сезесіз. Осы екі түрлі жағдайға да ұзақ уақыт төзу мүмкін емес. Ал телефон сеті толық, жақсы ұстап тұрған кездегі бұл көрсеткіш 0,6 болады.

9. Басқалардың мазалауынан құтылғыңыз келсе, **21*999999# белгілерін теру арқылы телефоныңызды бос нөмір етіп қоюыңызға болады. ##21# белгілерін теру арқылы ашасыз. Бұл қызмет түрі ақысыз. Ал Activ қолданушылары үшін **21*2050# белгісі арқылы телефонды сөндіру қызметіне қоюға болады. Қалтафон ашық тұрады, бірақ келген қоңырауларға «Сөндірулі» деп хабарлайды. Нөмірі сізге SMS болып жетеді. Ашу амалы ##21#.

10. Қолфоныңызға су кіріп кетсе, оның батырмаларын басып, сілки көрмеңіз. Дереу қуат көзінен айырып, ыстық күн түсіп тұратын жерге немесе ыстық желмен кептіріп, судың буланып кетуін тездетіңіз.

11. Мүлде қуат сақтамайтын батереяны қайта жаңа күйіне келтіруге болады. Батереяны газетке ораңыз, сосын пакетке салып, тоңазытқышқа (холодильник) 48 сағат қойыңыз. Сосын оны қайта алып, қалыпты салқын, құрғақ жерге 24 сағат қойыңыз. Өнімі өте жақсы болады. Бұл әдісті ноутбуктың батереясына да істетуге болады. Тек тоңазытқышта тұрған кезде су тиіп кетпесе болғаны.

12. Қалтафоныңыз өз-өзінен өшіп қала берсе, не істеу керек? Қуат көзі толық болса да өшіп қалады, неліктен? Алаңдамаңыз, бұл сіздің телефоныңыздың сапасының нашарлығы емес, қайта электр жолының кедергіге ұшырауынан болуы мүмкін. Қолфоныңыздың батереясын алып, оның телефонға жалғанатын жерін кәдімгі өшіргішпен сүртіңіз. Телефонды да.

13. Смартфоныңыздың экранындағы дақ пен кірді қалай кетіруге болады?

Бұл дақтар мен майлы кірді кетіру үшін аз мөлшердегі тіс майын экран сүрткішке жағып, сәл қаттырақ ысқыласаңыз болғаны, дақтар ғайып болады. Соңынан таза сүрткішпен экранды қайта бір сүртсеңіз, жарқырап шыға келеді.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: 4pda.ru 

M. Auelkhan