Ертең Алматыда киберфестиваль өтеді

Ертең Алматыда киберфестиваль өтеді

Ертең, 24 қарашада Алматы қаласында ТМД елдерінің компьютер ойынының шеберлерінің қатысуымен киберфестиваль өтпек.

"Прайм Плаза" сауда орталығында осы себепті де техниканың үздік нұсқалары қойылған көрме өтіп, танымал әншілер өнер көрсетеді. Ал ерекше айтатын бір жәйт, Ресей рэпінің шоғыры болып саналатын Loc-Dog’a өз концертін береді.

Іріктеу кезеңінен өтіп, ақтық сынға жолдама алған геймерлер белгілі болып қойды. Dota 2 ойынының шеберлерінің ішінде Virtus.pro командасы қазірше басты үміткер санатында. Ал PointBlank ойыны бойынша өтетін жарыстың жүлде қоры – 5500 АҚШ доллары.

Басқа ойындардың да жүлде қорымен таныстырып өтсек:

World of Tanks – 5000$ + ойын алтыны

Point Blank – 5500$ + донат

Dota 2 – 5000$

Counter-Strike: GO – 4000$

FIFA 13 – 1000$

Tekken– 1000$

TECHLABS CUP KZ 2012 фестивалі таңғы сағат 11.00-де басталмақ. Кіру тегін.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: virtuspro.org

А. Құлтай