Компьютерге орнатылатын ең қажетті бағдарламалар

Компьютерге орнатылатын ең қажетті бағдарламалар

Компьютеріңізге ең қажетті бағдарламалар жөнінде бірер мәлімет береміз. Мысалы, бағдарламалар туралы түсініктер мен олардың атқаратын қызметтері жөнінде. Ең бірінші кез келген компьютерде драйвер болуы керек. Драйвер компьютерде ойын ойнауға, фильм көруге, музыка тыңдауға және т.б. қызметтерді қолдануға ең қажетті нәрсе. Драйвер - компьютердің қатты бөлшектерінің қозғалытқыш бағдарламасы.

Тағы қандай бағдарламалар ең қажеттіге саналатынын төмендегі тізімнен қарап білейік:

WinRaR және (7-Zip, WinZip) - құжаттарды сығуға арналған бағдарлама. Оны архиватор деп те атайды. Онсыз кейбір құжаттар тіпті ашылмайды.

Adobe Acrobat немесе Foxit Reader (өз таңдауыңыз бойынша) - бұл бағдарлама PDF және кейбір кітаптарды, құжаттарды ашуға қолданылады.

Microsoft Office және OpenOffice - кеңсе автоматтандыру бағдарламаларының жиынтығы. Оған Word, Excel, PowerPoint және тағы басқалары кіреді.

K-Lite Codec Pack немесе Media Player Classic - фильмдерді, кескіндерді көруге және музыка тыңдауға арналған бірнеше бағдарламалардың жиыны. Nero немесе оған ұқсас бағдарламалар - бос CD немесе DVD дисктерге сандық мәліметтерді, аудио, бейне жазбаларды жазуға арналады. Сонымен бірге, компьютеріңізге қажетті қосымша бағдарламалар да жетерлік. Мысалы: Қала картасы, телефон анықтамасы.

Agent, Skype сияқты бағдарламаларды да бірден қойып алу маңызды. Ал егер сіз ғаламтор желісін үнемі пайдаланатын болсаңыз, онда сізге қосымша тор шолғыштар (браузерлер) қызметі керек. Әрине, сіздің компьютеріңізде бұрыннан бері Internet Explorer атты тор шолғыш бар. Бірақ, ол көпшілікке өзінің жайбарақат жұмысымен және сайттарды дұрыс ашпауымен ұнамайды. Сондықтан сізге интернет үшін Opera немесе Mozilla Firefox бағдарламалары өте қолайлы болады. Кейінгі кезде Google Chrome да үлкен сұранысқа ие болып жүр. Егер жұмысыңызда шет тілімен жиі ұшырасатын болсаңыз, онда сізге аудармашы керек: Google аудару бағдарламасы-интернеттегі сайттарды аударумен айналысады. Promt-ең мықты аудармашылар қатарында. Ішінде барлық тілдің қатары бар. Осы аталған бағдарламалардың қызметі сіздің де жұмысыңызға аса қажетті болуы мүмкін. Сондықтан оларды жүктеп, тезірек жұмыс жасау принциптерін меңгеріп алсаңыз, жұмыс жасауда сізге үлкен көмекші болатыны анық.

Авторы: Сұңқар Ақбоз

Сурет: fordmadeinamerica.org 

M. Auelkhan