Программистер оқуға тиісті 10 кітап

Программистер оқуға тиісті 10 кітап

Stack Overflow атты сайтта бағдарламашы мамандарға ықпалы күшті немесе программист және IT мамандары сөзсіз оқуға тиісті кітаптар атты сауалнама жасалынған. Аталған шарада компьютерге қатысы бар деген 480 данадан артық кітап көрсетіліп, 2 жыл уақыт ішінде 153 мың 432 рет дауыс берілген. Сауалнама нәтижесі бойынша, таңдалған 10 кітапты назарларыңызға ұсынбақпыз.

1. «Code Complete» - қазақша баламасы «Кодтар үлгісі»

2. «The Pragmatic Programmer» - қазақша баламасы «Программистің машықтану жолы»

3. «Structure and Interpretation of Computer Programs» - қазақша баламасы «Компьютер программасының құрылымы және оған түсініктеме»

4. «The C Programming Language» - баламасы «С программа тілі»

5. «Refactoring:Improving the Design of Existing Code» - қазақша баламасы «Қайта құрылымдау: Код дизайнын қайта жасаудағы өнімділік»

6. «Introduction to algorithms» - қазақша баламасы «Есептеу амалының қисыны»

7. «The Mythical Man-Month» - қазақша баламасы «Адам мен Ай аңызы»


8. «Design Patterns» - қазақша баламасы «Есептеу үлгісі»

9. «The Art of Computer Programming (First Volume Hardcover)» - қазақша баламасы «Компьютер программалау өнері (бірінші бөлім)»

10. «Compilers:Principles, Techniques, and Tools» - қазақша баламасы «Құрастыру заңдылығы»

Жоғарыдағы кітаптардың барлығы компьютерді тану, компьютерлік бейнелеудің рөлін асыру, программалық қабілетті шынықтыруда таптырмас ұстаздар. Егер сіздің программа жазу негізіңіз болса, ең кемінде 3 жыл программа жазу тарихыңыз болса, онда өнеріңізді ұштау үшін және биік сатыларға көтерілу үшін бұл кітаптардың берері мол. Егер ағылшынша түпнұсқасын қарау мүмкіндігіңіз болмаса, бұл кітаптардың халықаралық тілдердің барлығына (біріне) аударылғаны есіңізде болсын.

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: flickriver.com 

M. Auelkhan