YouTube-тағы жарнамадан арылу жолы

YouTube-тағы жарнамадан арылу жолы

YouTube тәжірибелік мақсатта сайттағы жарнамаларды өшіруді ұсынып отыр. 

Аталған сайттың иегері саналатын Google компаниясы YouTube-ке күтпеген тәжірибе жүргізді: әрбір қолданушы сайттағы жарнамаларды, соның ішінде жарнама роликтері мен видео ішіндегі мәтіндік жарнамаларды толықтай өшіріп тастай алады. 

Соған қарағанда, тәжірибені стандартты A/B тестілеу аясында өткізіп жатқан секілді. Компания сайтта жарнама болмаған кезде, қолданушылардың аталған видео ресурста қалай жұмыс істейтіндіктерін анықтамақ екен.

Жарнаманы өшіру үшін YouTube кукиінде біршама өзгертулер жасау қажет.

Ол үшін youtube.com сайтына кіріп, браузерде консольді қосу қажет: 

  • Chrome/Opera 15+ — Windows/Linux/ChromeOS бағдарламаларына Ctrl+Shift+J батырмалары болса, Mac-ке Command-Option-J;
  • Firefox — Windows/Linux-ке Ctrl+Shift+K болса, Mac-ке Command-Option-K батырмалары;
  • Opera 12 — Windows/Linux-ке Ctrl+Shift+I батырмалары болса, Mac-ке Command-Option-I батырмалары, сосын Console-ді басу қажет;
  • Internet Explorer — F12-ні таңдап, Console-ді басу қажет.

Консоль ұяшығына мына бұйрықты енгіземіз: 

document.cookie=»VISITOR_INFO1_LIVE=oKckVSqvaGw; path=/; domain=.youtube.com»;window.location.reload(); сосын Enter батырмасын басу қажет. 

Осы бұйрықтан соң, YouTube сайтына кірген уақытта ешқандай жарнама көрінбейтін болады. 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: telegrafist.org

Ж. FM