Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / DirectX деген не?

DirectX деген не?

DirectX деген не?

Сіз өзіңіздің жеке компьютеріңізге жаңа ойын немесе қандай да бір бағдарламаны орнатқан кезде өзіңізге белгісіз болып келген DirectX атты "нәрсенің" соңғы нұсқасын жүктеп алуыңызды сұраған ескертуді бірнеше рет көрген боларсыз. Бұл мәлімет ақпараттық технология саласында жүрген жандарға қызық бола қоймас. Алайда біз оны күнделікті компьютерді пайдалану кезінде кездейсоқ жолығатын әуесқой пайдаланушылар үшін таныстырмақпыз. Сонымен DirectX деген не, оның қызметі қандай? Енді осы сұрақтарға жауап беріп көрейік. 

DirectX әртүрлі жаңа мультимедиялық қосымшаларды жасауды және оның әрі қарай стандартты компьютерде қолданылуын жүзеге асыратын арнайы технология. Басқаша айтқанда, бұл бағдарлама қосымшаны компьютердің операциондық жүйесіне немесе оған қосылған басқа да құрылғыларға "жалғауға" мүмкіндік береді. Яғни DirectX компьютерге таныс емес бағдарлама (ойын) кодтарын өзіңіздің компьютеріңіз түсінетіндей тілге аударады. Сондықтан егер сіздің компьютеріңізде DirectX технологиясы болмаса, онда машина өзіне ұсынылған бағдарламаны мүлдем оқи алмайды. 

Біз енді компьютерімізде аталған бағдарлама болмаса, жаңа ойындар мен қосымшаларды пайдалана алмайтындығымызға көзіміз жетті. Яғни бізге оны міндетті түрде ЖК-ге орнатып алуымыз керек. Ендігі сұрақ - оны қайдан аламыз? Оның жауабын біз Microsoft компаниясының сайтынан таба аламыз. Осындағы керекті сілтемелерден DirectX бағдарламасын оп-оңай әрі тегін жүктеп алуға болады. Одан бөлек, жаңа ойындар мен бағдарламалардың лицензиялы дисктерінде орнатуға қажетті DirectX нұсқасы жазылатынын да айта кетейік. 

Ал егер DirectX жүктегеннен кейін де бағдарлама немесе ойын жұмыс жасамаса, қапаланбаңыз. Есіңізде болсын, DirectX сияқты софттар үнемі жаңарып тұрады. Сондықтан оның соңғы нұсқасын жүктеп алсаңыз, бағдарлама немесе ойыныңыз міндетті түрде іске қосылады.

Мысал ретінде біз сіздерге directx 10 нұсқасын тегін жүктеуге мүмкіндік беретін мына сілтемені ұсынып отырмыз.  

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: jo-jo.ru

1782 1
Рейтинг: +2

Қосылған күні: 29 шілде 2013, 23:20
Пікірлер
+0
30 шілде 2013, 21:42

Баке мына сайтта вирус бар ғо

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев