
Тез бұйрық беретін пернелер
Windows-тегі жұмысыңыздың одан да тиімді әрі жылдам болғанын қаласаңыз, тек тышқанды ғана емес, «жылдам батырмаларды» да қолдана білген жөн. «Жылдам батырма» деген не дерсіз? Ол – жұмысты жылдамдатуға әрі қысқартуға арналған пернелер комбинациясы. Мәселен, көп қолданылатын «Менің компьютерімді» Win + E пернелерін бір уақытта басу арқылы ашуға болады, алайда мұны көбісі біле бермейді. Сонымен назарларыңызға компьютерді пернетақта арқылы басқаруға болатын әдістерді ұсынамыз.
Ескерту
Win пернесі сол жақтағы Ctrl мен Alt-тің ортасында орналасқан (Windows эмблемасы бар перне)
Menu пернесі оң жақтағы Ctrl-дың сол жағында орналасқан.
Жалпы мақсатта қолданылатын жылдам батырмалар
Пернелер |
Қызметтер |
Ctrl + Esc |
«Пуск» (Start) менюін ашу |
Ctrl + Shift + Esc |
«Диспетчера задач» терезесін ашу |
Win + E |
«Менің компьютерімді» ашу |
Win + R |
«Бағдарламаны ашу» диалогын ашу (Run), «Пуск» — «Выполнить»-тің аналогы (мысалы, мұның көмегімен кез келген веб-сайтты ашуға болады) |
Win + D |
Барлық терезелерді жиыру |
Win + F1 |
Windows анықтамасын ашу, «Пуск» - справка и поддержка»-ның аналогы |
Win + Pause |
«Свойства системы» (System Properties) терезесін ашу |
Win + F |
Файлдарды іздеу терезесін ашу |
Win + Сtrl + F |
Компьютерлерді іздеу терезесін ашу |
Printscreen |
Бүкіл экранның скриншотын жасау |
Alt + Printscreen |
Ағымдағы уақытта іске қосулы терезенің скриншотын жасау |
Ctrl + A |
Айырып алу, бәрін белгілеп алу (объект, мәтін) |
Ctrl + C |
Көшіру (объект, мәтін) |
Ctrl + X |
Кесу (объект, мәтін) |
Ctrl + V |
Қою (объект, мәтін) |
Ctrl + N |
Жаңа құжат, жоба, браузер немесе осы секілді әрекет жасау |
Ctrl + S |
Ағымдағы құжатты, жобаны және т.б. сақтау |
Ctrl + O |
Басқа бір құжатты, жобаны және т.б. ашу үшін таңдау диалогын ашу |
Ctrl + P |
Басып шығару |
Ctrl + Z |
Соңғы әрекеттен бас тарту |
Мәтінмен жұмыс
Пернелер |
Қызметтер |
Ctrl + A |
Бәрін белгілеу, айырып алу |
Ctrl + C |
Көшіру |
Ctrl + X |
Кесу |
Ctrl + V |
Қою |
Ctrl + ← |
Мәтіндегі сөздерге тоқталу. Тек мәтіндік редакторларда ғана жұмыс істемейді. Мәселен, браузердегі адрестік жолда да қолдануға болады. |
Shift + ← |
Мәтінді белгілеп алу |
Ctrl + Shift + ← |
Мәтінді сөздеп белгілеп алу |
Home |
Мәтін жолының басына, соңына ауысу |
Ctrl + Home |
Құжаттың басына, соңына ауысу |
Файлдармен жұмыс
Пернелер |
Қызметтер |
Shift + F10 |
Ағымдағы объектінің контексттік менюін көрсету (тышқанның оң батырмасын басқан секілді) |
Alt + Enter |
«Свойство объекта» терезесін ашу |
F2 |
Объектінің атауын өзгерту |
Ctrl-мен тышқанның сол батырмасын басып, тасымалдау |
Объектіні көшіру |
Ctrl + Shift-пен тышқанның сол батырмасын басып, тасымалдау |
Объектінің ярлығын жасау |
Ctrl-мен тышқанның сол батырмасын басу |
Қалаған бірнеше объектіні белгілеп алу |
Shift-пен тышқанның сол батырмасын басу |
Көршілес бірнеше объектіні белгілеп алу |
Shift + Delete |
Қайтара алмайтындай етіп жою |
Терезелермен жұмыс
Пернелер |
Қызметтер |
Alt + Tab |
Басқа терезеге ауысу менюін ашу және сол арқылы өзге терезелерге ауысу |
Alt + Esc |
Басқа терезеге ауысу (іске қосылған тәртіп бойынша) |
Alt + F4 |
Ағымдағы уақытта іске қосулы терезені жабу. Жұмыс үстелінде Windows жұмысын аяқтау диалогын ашу |
Alt |
Терезе менюін ашу |
Esc |
Терезе менюінен шығу немесе ашық диалогты жабу |
Alt + Space |
Терезенің жүйелік менюін ашу |
F1 |
Қосымша жайлы анықтаманы ашу |
Диалогтық терезелермен жұмыс
Перне |
Қызмет |
Ctrl + Tab |
(вкладка) бойынша ілгері жылжу |
Ctrl + Shift + Tab |
(вкладка) бойынша артқа жылжу |
Tab |
Опциялар бойынша ілгері жылжу |
Shift + Tab |
Опциялар бойынша артқа жылжу |
Автор: Ерғали Елдос
Сурет: ru.my-walls.net