30 жылда не футболды дамытқан жоқпыз, не инфрақұрылымды жарытқан жоқпыз/Мәжілістің жалпы отырысы
Әлеуметтік желілердегі қазақ әндері қайтадан жоғалып кетпей ме? Отандық орындаушылардың авторлық құқығын қорғаудағы заңсыздықтар қалай түзетіледі? Әділет министрі фонограмманы қолдай ма? Еліміздегі 521 спорт мектебіне жылына 144 млрд теңге бөлінеді. Балалар спортына бөлінген қаржының нәтижесі қайда? Осы және өзге де мәселелер Мәжіліс отырысында көтерілді.