Өз-өзіне қол салу туралы ой: Депрессия кезінде ағзада қандай өзгерістер болады?

Күйзеліс өміріміздің барлық аспектілеріне кері әсер ететін психикалық ауру. Депрессияде жүрген адам жиі шаршайды, ұйқысы мен тәбеті бұзылады. Өзін әлсіз сезінеді, кейде себепсіз бұлшықеттері аурады.

Одан бөлек, миымыздың химиялық тепе-теңдігіне әсер етеді. Серотонин, дофамин және норадреналин гормондардың деңгейі азаяды.

Нәтижесінде есте сақтау қабілеті нашарлайды. Сондай-ақ депрессия жүрек ауруы және қант диабеті сияқты аурулар тудырады. Күйзеліс кезінде өз-өзіне қол салу сынды ойлар мазалауы әбден мүмкін. Тіпті кей адамдар өз әректіне жауап бермейтін күйге жетеді.

Сондықтан депрессияның алғашқы белгілерін байқасаңыз, маман көмегіне жүгінгеніңіз жөн. Көмек сұрау ешқашан ұят емес.