Жыландар неге өз-өзін жейді?

Жыландардың иіс сезу қабілеті өте жоғары. Өз қорегін сол арқылы аңғарады. Дегенмен, кейде бауырмен жорғалаушының денесіне басқа жануардың қаны жағылып, иісі сіңіп қалуы мүмкін. Сондай жағдайда жыландар өзін өзге жануармен шатастырып, жей бастайды. Улы жыландар әдетте өздерін шақса да, өлмейді. Өйкені, олардың бойында өз уына қарсы тұратын арнайы антидот бар. Дегенмен құйрығынан бастап, бүкіл денесін толықтай жұтып жіберетін жағдайларда кездескен.

Египеттен археологтар өз құйрығын жеп жатқан жыланның суретін тапқан. Ол шамамен 1600 жыл бұрын салынған. Суреттегі жыланға Уроборос деген атау қойған. Бұл мәңгілік өмір символы.

Одан бөлек жыландар шала туған жұмыртқасын да жеп, сол арқылы энергия алады. Өйткені жұмыртқалайтын уақытта бауырмен жорғалаушылар өте әлсіз болады. Зерттеу көрсеткендей жылан жұмыртқаларының шамамен 11% пайызын жеу арқылы сол кезеңнен аман-есен шығады.