Америка атауы қайдан шыққан?

Біз Американы ресми түрде 1492 жылы Христофор Колумб ашқанын білеміз. Онда оны неге Америка деп атаған? Мәселе мынада: Колумб қайтыс болғанға дейін өзі ашқан жерлер жаңа континентке тиесілі екенін білмеген. Себебі ол Үндістанға апаратын жаңа жол таптым деп ойлайды.  Сондықтан алдынан шыққан халықты үндістер дейді.


Ал Америка атауы өзге саяхатшы Америго Веспуччидің құрметіне қойылған. Ол өзінің зерттеулері арқылы Колумб ашқан жерлер жаңа континент екенін дәлелдеді. Веспуччи оған "Жаңа әлем" деген ат берді. 


Бірақ танымал картограф Мартин Вальдземюллер жер атауын “Америка” деп көрсетіп, қолданысқа енгізіп жіберген.