"Киімді кінәлама"

Таяуда қоғамда болған жайт бізді таңғалдырды. Сексуалдық қысым көрген қыз полицияға шағым айтып барған. Ондағылар ашық-шашық киім кигені үшін қыздың өзін кінәлаған.


Қыздардың ашық-шашық киінуі зорлықшыны ақтай ма?
Алматыда зорлық құрбандарының киімдері қойылған көрме өтті. Атауы – «Киімді кінәлама». Өздерің көріп отырғандай, онда біздің қоғам көп сынайтын ашық-шашық киім де, ұятсыз деп бағаланатын тар көйлектер де көрінбейді. Демек, зорлықшыны құрбанының киімі үшін ешуақытта ақтап алуға болмайды.


Ал сендер қалай ойлайсыңдар?