Президент бола алмай қалған шошқа

1968 жылы АҚШ тарихында алғаш рет президенттікке үміткер ретінде жануар қатысты. Пигасус атты шошқаны Халықаралық жастар партиясы ұсынды. Шошқаны үміткер ету арқылы олар Вьетнамдағы соғысқа және капиталистік жүйеге деген қарсылығын білдірген.

 

Пигасус бірден танымал болды. 1968 жылы 23 тамызда оның сайлау алды пресс-конференциясы өтеді. Мәлімдемені партия мүшесі халық алдында оқиды. Бірақ, конференцияны полиция қызметкерлері тоқтатады. Қоғамдық тәртіпті бұзды деген айыппен 8 адам мен шошқа қамауға алынады. Пигасустың одан кейінгі өмірі белгісіз. Кей деректерде ол фермаға оралып, біраз салмақ қосып алды деп көрсетілген.