Іскер еркектің таңдауы

Іскер еркектің таңдауы

Кез келген адамды бірінші көргенде киіміне қарап бағалайсың. Психолог мамандардаң айтуы бойынша, 30 секунд әңгімелесуші туралы ортақ пікірді құруға жеткілікті. Ал бұл ойлардың 80%-ы адамның киінгені байланысты. Адам ойының бірінші әсерден айығуына бес жыл керек деген тұжырым бар. Іскер әйелдердің стилінде кейбір киім еркіндіктері кешірімді болса, іскер еркек қаталдық пен классика анықталатын костюм киюге мiндеттi. Олай болса, бiз кәсiпкердiң негiзгi киiмi болып табылатын костюм туралы айтып өтелік.

Костюмнің түсін таңдау әдістері:

Костюмның түсi сiз туралы көп мәлiметтi ашып береді. Костюм көк немесе сұр болуы керек.

Көк - маман, жетекшi, басқарудың авторитарлық стилiн қалайды;

Сұр - профессионализм, тұрақтылық.

Костюміңіздің түсі қоюлау болған сайын сіздің осы қасиеттеріңіз ашыла түспек. Мамандар сұр түсті костюмді күнделікті жүріп-тұрғанда киюге кеңес береді. Ал көгі болса, өмірдің барлық жағдайларында әмбебеп болып есептеледі. Қара костюмді тек қана ерекше жағдайларда киген дұрыс. Матасы біркелкі, жолақты немесе тор бола алады. Бірақ, жолақ және тор маталар костюмге қосымша өң беріп тұруы керек. 

Таңдау әдістері:

Костюмнің қайсысының ең жарасымды екенін білгіңіз келсе, ең қымбатынан киіп көріңіз. Қымбат костюмді сатып алып, бас қатырудың қажеті жоқ, жай ғана сізге жарасымдысын тапсаңыз болғаны. Ал сізге ұнағаны болса, дәл сондай костюмнің арзанын табуға да болады. 

Костюм иықтарыңызға жақсы тұру керек. Бұл өте маңызды. Егер костюм үлкен болып не қысып тұрса - сатып алудан батыл түрде бiржолата бас тартыңыз. Костюм таңдау сіздің дене пішіміңізді де ескеруді талап етеді. Егер де орта бойлы болсаңыз және көрікті дене құрылысыңыз болса, таңдауда шектеулер жоқ. Ал ұзын жігіттерге торлы матадағы костюмдер жараса кетеді. Ірі жігіттерге тегіс матада, ұзын ретінде көріну үшін жіңішке сызықты костюмдер жарасады.  

Киім сәйкестіктері:

Шалбар мен пиджагыңыздың екеуі екі түрлі болуы мүмкін, бірақ:

1. Пиджагыңыз торлы болса, онда бір түсті шалбар қажет.

2. Сызықты немесе торлы шалбарларға бір түсті пиджак киіледі.

3.  Шалбар мен пиджак түсі бір-бірін толықтыра білу керек.

4. Бір-біріне қарама-қарсы түстер үлкен жастағы ерлерге қарағанда, жастарға жарасады.

Кеңестер:

1. Туфлиді асықпай таңдаңыз. Туфли костюммен сәйкес болуы керек.

2. Белдік аяқ-киім түсімен бірдей болғаны жөн.

3. Шалбар сіздің шұлығыңызды жауып тұру керек. Шұлық аяғыңызды көрсетпеуі керек. 

4. Галстук ұзындығы белге дейін болғаны дұрыс.  Қысқа қолды көйлекті галстукпен бірге киюші болмаңыз.

5. Әдетте пиджактың ең төменгі түймесі тағылмайды.

6. Көкірек қалтаңызда ешқандай қалам немесе әмиян болмауы керек.

Суреттер: men-suit.ru                                        

a. aaa