Нью-Йоркқа саяхат (4-бөлім)

Нью-Йоркқа саяхат (4-бөлім)

Нью-Йоркқа саяхат 1-бөлім

Нью-Йорққа саяхат 2-бөлім

Нью-Йорқа саяхат 3-бөлім

Атақты 102 қабатты ғимараттың ішіне кіру үшін, кезекке тұрдық... Бірақ Нью-Йоркқа келгендіктен, бұл жерді көрмей кетуге де болмайды. Біраз уақыттан соң Нью-Йорктыда тамашалаймыз! Аспанмен таласқан ғимараттың тек 86-қабатына ғана шығуға рұқсат беріледі. Кезегіміз келіп жеткенде, әуежайдағы тексерістен де асатын қатаң түрде бақылауға алады. Сөмкеңізден бастап, аяқ-киіміңізге дейін барлығын рентгеннен өткізесіз. Олардікі де дұрыс, жаман апат болмасын дегендері ғой. 

Эмпайр Стейт ғимараты туралы біраз қызықты деректер айтар болсақ:

1. Ғимарат құрылысына 1 жыл 45 күн кеткен. Демалыс күндерін қоса есепке алғанда, апта сайын 4, 5 қабаттан соғып отырған.

2. Күнделікті 7 сағат жұмыс уақыты жұмсалып, 4000 жұмысшы қызмет атқарған.
 
3. Ғимараттың құрылыcына: 60000 тонна болат, 10 млн кірпіш, 760 км электр кабельдері, 195 км құбыр, 1600 км шамасында телефон кабелі қолданылған
 
4. 1860 баспалдақ, 6500 терезе және минутына 427 метр жылдамдықпен жұмыс жасайтын лифт бар.

5. Ғимарат ауырлығы 365 000 тонна, 1076 гектарлық жерді алып тұр. 

6. Соңғы он жылда ғимаратты жөндеуге кеткен қаржы 100 млн долларды құрайды. Бұл ғимараттың құрылысына кеткен ақшадан 40 млн-ға көп.
Ауланы бақылауға арналған алаңнан Нью-Йорк алақандағыдай көрінеді. Көзге жиі түсетін Нью-Йорктің асығыс сары таксилері ойыншық көліктерге ұқсап қалады. Кейбір жерлерден сыртты бақылау қиын болса да, қаланың көрінісін түсіруге арналған орындар жетерлік. Төбеден қарағанда Нью-Йоркте қыдыру туристер үшін ыңғайлы жасалғанын байқауға болады. Ғимараттар метроға жақын жерде орналасып, 5-th Avenu көшесі түрлі дүкендерімен қызықтырады. Алдынғы бөлімдерде айтып өткендей уақытымызды жоғалтпайық, әлі алда бізді талай қызықтар күтуде.

Жалғасы бар...

Суреттер www.otzovik.com, www.esbnyc.com сайтынан

Форумда талқылау
a. aaa