Үш ішекті домбыра - қазақтың көне аспабы

Үш ішекті домбыра - қазақтың көне аспабы

Үш ішекті домбыра – қазақтың көне музыкалық аспабы. ХVІІ – ХVІІІ ғасырда пайда болған бұл аспап екі ішекті домбырадан да ерте жасалған. Аспап Шығыс Қазақстан аймағында кеңінен таралған. Дана Абай, Шәкәрім, Шәкір Әбенов сынды халық ақындары тартқан.

Кейбір тарихи деректерге сүйенер болсақ, үш ішекті домбыра мен шертер аспабы бір кезеңде пайда болған екен. Аспаптың екі ішекті домбырадан бір ғана айырмашылығы бар. Ол ішектің санында ғана. Ерте заманда аспаптың 9,12,14 пернесі болса, қазір олардың саны 19-20 болды.

Аспапта ойнау тәсілі шертерге жақын. Қазақ халық күйлерімен қатар, өзге де елдердің шығармаларын орындауға болады. Аспаптан шыққан қоңыр үн құлаққа жағымды, тыңдаушыға үлкен рухани әсер сыйлайды.

Алғаш рет аспап «Сазген» фольклорлық ансамблінде қолданған. Қазіргі таңда ұлттық аспаптар оркестрлерінің құрамынан көруге болады.

Үш ішекті домбыраға ұқсас аспапты моңғол, қырғыз, татар, башқұрт, өзбек, хақас халықтарының ұлттық музыкалық аспаптарының арасынан көруге болады.

Сурет: baq.kz

Форумда талқылау

Ғ. Ұзақ