Фернандо Алонсо

Фернандо Алонсо

Бала кезінде Фернандо шанағы жоқ көліктерге мініп, көптеген жарыстарға қатысқан. Испанияда 1993-1996 жылдары өткен жасөспірімдер арасындағы біріншіліктерде қатарынан 4 рет чемпион атанған. Келесі жылы Алонсо Интер-А мемлекеттік серияда жеңіске жетіп, халықаралық серияда вице-чемпион атанған.

Формуле 1-гі алғашқы бәйге

2001 жылы Фернандо Формула-1-дің «Минарди» командасында тест-пилоттың қызметін атқарып, кейін негізгі пилоттың жұмысын атқарған. Дебют кезінде Алонсо әлі 20-ға толмаған еді. Cosworth қозғалтқышы бар көлік Алонсоға бірде -бір ұпай әкелмегенімен, Фернандо квалификация мен бәйге кездерінде өз әріптестерінен жүйрік болып шықты. Сол кезде Хуан-Пабло Монтоя мен  Кими Райконеннің бастамалары сәтті өткенімен, Алонсоның шеберлігін Renault F1 командасының директоры Флавио Бриаторе байқап қалған. Бриаторе Фернандоны команданың негізгі құрамына жалдап алу мүмкіндігін қарастырып, оған тек үшінші пилоттың қызметін атқаруға рұқсат берген.

Алонсо Renault  құрамында

2002 жылы Алонсо Формула 1 бәйгелеріне қатыспағанымен, қосымша пилоттың қызметін атқарған, Renault-тың намысын  Ярно Трулли мен Дженсон Баттон қорғаған. Сынақ кезіндегі испандықтың көрсеткен жылдамдықтары үлкен көрсеткішке жетіп, Бриаторе Алонсоға BAR-ға кетіп қалған Баттонның орнын ұсынған. Алонсо екінші рөлдегі пилот қызметін атқарғысы келмей, қолынан келгеннің бәрін жасаған. Бразилияда Алонсо квалификация кезінде үшінші орынға қол жеткізіп,Малайзиядағы жарысты жартылай позициядан бастаған, оған қоса, Испания елінде өткен бәйгеде күміс медаль еншілеп, Будапештте алғашқы жеңісін тойлаған. Кезең қорытындысы бойынша Алонсо Ярно Труллиден озып шығып, испандықтың есімі тізімнің алтыншы тармағында орналасқан. Осылайша, Алонсо көптеген сарапшылар мен шолушылардың көзіне түсіп, Формула 1 бәйгелер тарихына елеулі өзгерістер енгізген.

2004 жылы Алонсо «Феррари» командасының құрамында өнер көрсетіп жүрген Шумахер мен Барикеллоның қысымына түсіп, жеңіс тұғырынан көріне алмайды. Бұған қарамастан, Алонсо бәйгелерде тұрақтылық танытып, өз әріптесінен екінші мәрте жүйрік болып шықты.Труллидің әлсіздігін байқаған команда жетекшілері келесі кезеңде оның орнын Джанкарло Физикелоға ұсынған. Алонсо – Чемпион!

2005 жылдың кезеңі Физикеллоның жеңісімен басталғанымен, Алонсо қатарынан келесі үш бәйгені жеңіп, чемпионаттың көсбасшысы атанды. Оның басты бәсекелесі «МакЛарен» командасының намысын қорғап жүрген Кими Райконен болды. Райконен де Алонсо сияқты біршама бәйгелерде басымдық көрсетіп, жеңіс тұғырынан түспейтін. Бірақ, Райконеннің көлігі ақаулықтарға толы болғандықтан, қозғалтқышты қайта- қайта ауыстырып тұруды қажет еткен. Бұған қоса, жаңа ережелер бойынша «МакЛарен» командасы 10 позиция артқа шегінуге мәжбір болатын. Сол уақытта Алонсоның «Рено» командасында бұндай мәселелер туындамайтын. Фернандо тұрақтылықтың жақсы деңгейін көрсеткен: 2005 жылы өткен 19 бәйгенің үшеуінде ғана ұпай жинай алмай,  бір рет мәре сызығын төртінші болып кесіп өткен. Қалған бәйгелерде жеңіске жетіп, жетеуінде үздік нәтиже көрсеткен. Нәтижесінде чемпионаттың соңына қарай Райкконен ұпайлар арасындағы айырмашылықты қысқартады, алайда,  Алонсо көсбасшы лауазымын ешкімге бермей, чемпион атағын мерзімінен бұрын еншілеген. Атағының арқасында Фернандо Формула 1 тарихындағы ең жас чемпион атағына қол жеткізді.

Сурет football-wallpapers.org сайтынан алынған