25 қаңтар - Ресей студенттерінің мейрамы

25 қаңтар - Ресей студенттерінің мейрамы

1755 жылы (12) 25 қаңтарда орыс патшайымы Елизавета Петровна «Мәскеу университетінің құрылуы жайлы» қаулыға қол қойған болатын. Және сол сәттен бастап осы күн ресми түрде университет күні болып жарияланды (сол кезде ол « Мәскеу университетінің құрылу күні» деп аталды). Сол уақыттан бері әулие Татиана студенттер қорғаушысы болып есептеледі. Негізі «Татиана» есімі грек тілінен аударғанда «жасаушы» деген мағына білдіреді.

Алғашқы кездері бұл мереке үлкен қарқынмен тек Мәскеуде ғана аталып өтетін. Куәгерлердің айтуы бойынша, жыл сайын Татьяна күнін мерекелеу мәскеуліктерге үлкен мәртебе болып саналатын. Мереке күні университет қабырғасында ресми қысқаша салтанат ұйымдастырылып, содан соң бүкіл Мәскеу тұрғындары жиылып көңіл көтеретін болған.

XVIII ғасыр мен XIX ғасырдың бірінші жартысында университеттік, сәйкесінше студенттік мерекеге орай оқу жылының аяқталуына байланысты салтанатты кештер ұйымдастырылды. Аталмыш мерекеге көптеген қонақ қатысып, сөз сөйлеп және келген көпшілік студенттерді  марапаттау рәсіміне де куә болатын. Сол кездері 12 қаңтар күні  ресми университет күнін шіркеуде ғибадат етумен өткізген.

Кейінірек I Николай университет негізделу күнін емес, оқу орнының құрылу күнін атап өту туралы жарлыққа қол қойды. Сонымен, патша қалауымен осындай – Татьяна күні мен Студенттер күні деген екі бірдей мереке дүниеге келді.

Мереке ертеден бастау алса да, дәстүрлер сақталып, бүгінгі күнде де аталып өтіледі. Жүз жыл бұрын студент жастар мейрамды қуанышпен, у-шумен өткізген болса, қазіргі XXI ғасыр жастары да өз мерекелерін дәл солай атап өтуге тырысады. Студент ешқашан оқу үдерісінен демалу шансын мүлт жібермейді. Халық данышпандары бекер айтпаған ғой: "студенттің мәңгі той тойлауына тек сессия ғана кедергі". 

Ж. FM