Қаракөл – тау шаңғы шипажайы

Қаракөл – тау шаңғы шипажайы

«Қаракөл» тау шаңғы базасы Ыстықкөл облысының Қаракөл қаласынан 7 шақырым қашықтықта Тянь-Шань тауларының баурайында орналасқан. Инфрақұрылымы мен сапасы жағынан ең үздік деп танылған Орта Азия аумағында орналасқан тау шаңғы базаларының бірі. Демалыс орнының табиғаты көрікті, жан-жағында қылтанақты ағаштар бой көтерген. «Қаракөл» базасы теңіз деңгейінен 2300 метр биіктікте жатыр. Бұл қыс маусымының ерте басталуы мен кеш аяқталуына ықпал етеді.


Демалыс орнының климаты өте жайлы. Қыс мезгілі өте жылы, орташа температура -50С. Шаңғы тебу маусымы қараша айында басталып, сәуір айында аяқталады. Жауған қар қалыңдығы 1,5-2 метрге дейін жетеді.

Бұл жақта кез келген биіктіктен шаңғымен сырғанауға болады. Ең жоғары нүкте 3040 метр. Биіктіктердің өзара айырмашылығы шамамен 800 метр. Қыс мезгілінде тау баурайында екі орындықты аспалы жол жұмыс істейді. Шанамен сырғанаушыларға арнайы тауға көтерілу жолы бар.

Шаңғыларды жалға беру бөлімшесінде әр жанның өзіне лайықты жеке тау шаңғы сайманын таңдап алуына болады. Сондай-ақ, шаңғыда алғаш рет сырғанаушылар үшін тауда шаңғы тебуден сабақ беретін білікті шаңғышылар жұмыс істейді.  


Қаракөл демалыс орны жылдың төрт мезгілінде демалушыларды қабылдайды. Демалушыларға қыс мезгілінде сноубордборд пен шаңғы тебуге, ал жаз мезгілінде тау мен тасты автокөлікпен не атқа мініп аралауға болады.

Кешен аумағында қонақүй, «шале» шағын үйлері, мейрамхана, орындықты аспалы жол, тікұшақ алаңы бар.

Қаракөлге демалуға келген жандар жайлы қонақүй мен «шале» шағын үйлеріндегі бөлмелерге жайғаса алады. 

Суреттер ғаламтор беттерінен алынған

Ғ. Ұзақ