Бокал мен майлық

Бокал мен майлық

Бокал

 Асадалыңыздың (сервант) ішінде қандай ыдыс болса, соның бәрін үстел үстіне шығарып қою мүмкін емес. Кез келген бокал мен стақанның қызметі, сусындар мен шараптардың құйылу реттілігі бар. Сол реттілікті есте ұстай отырып,  қай шарапқа қандай сусын құйылатынын талдап көрелік. 

Қызыл шарапқа арналған бокал (коньяк) — көлемі сәл үлкендеу, томпақ пішінді болады. Бокалдың аузы кішірек болып келеді де, астыңғы тұсы кең болады.   

 

Аққайнарға арналған бокал — олар биік әрі жіңішке пішінді. Аққайнар көпіршектері жіңішке бокалдан жоғарыға  жақсы көтеріледі. 

 

 

 

Қызыл шарапқа арналған бокал (красное вино) — оның аяғы бар, сәл биіктеу болады.

 

 

Ақ шарапқа арналған бокал (белое вино) — жоғарыдағы бокалға ұқсас болып келгенімен, көлемі кішірек.

 

Мартини бокалы— бұл бокалдың қолданысқа енгеніне көп бола қойған жоқ. Көбінесе, арнайы коктейльдер мен Мартини сусынын құюға арналған. 

 

 

 

Хайболл (тумблер) – бұл стақан алкогольсіз сусындар мен жеміс шырындарына пайдаланылады.

 

Олд фешн (виски стақаны) – мұз салынып берілетін сусындарға қолданылады. Көбінесе, виски сусындары құйылатын стақан болып саналады. 

 

 

Сыраға арналған стақан — атынан белгілі болғандай, сыра  құйылады.

 

 Майлық — үстел жабдықтарының ажырамас бөлігі

Әдетте, майлық басты тәрелкенің үстіне орналасады. Майлықтың қай түрден және қалай бүктелуі өзіңіздің талғамыңызға байланысты болмақ. Егер әдемі етіп безендірілуді білмесеңіз, қарапайым жолдарын назарларыңызға ұсынамыз. Егер әрбір қонақтың алдына жекелеген қатты матадан тігілген майлықтар қоятын болсаңыз, үстелдің бір бұрышына қағаз майлықтары міндетті түрде қойылуы керек. Көп ханымдар түскі асқа майлықтарды екі қабаттап қояды. Себебі түскі асқа берілетін тағамдар ауыр және майлы болып келеді. Түскі асқа әзірленетін дастарханға майлықтар конус пішінде қойылады. Яғни, майлықты үшбұрышты етіп бел ортасынан бүктейді дағы, төменгі жағынан сыртқа бір қайырады.

Мерекелік дастархан майлықтары небір пішінде сәнделеді. Төмендегі суретте сәндеудің бірнеше нұсқалары көрсетілген:

 

Міне, аз-кем дастархан жасау мәнерімен таныс болдық. Ұсақ-түйек ережелерге мән бере отырып, шын көңіліңізден жайылған дастарханыңыз болса, кімнің де болса, көңілінен шығатынына сеніңіз.

Суреттер ғаламтор беттерінен алынды

Р. Роза