Линолеумді тазарту әдістері

Линолеумді тазарту әдістері
Фото: roomester.ru

Линолеумнің де түсі өңеді. Линолеумді тап-таза қылып ұстау ұқыптылықты қажет етеді. Назарларыңызға линолеумді тазартуға арналған бірнеше кеңес ұсынбақпыз.

Ең қарапайым әдіс - көбік сумен жуу. Сабынды сумен жуып болған соң, жұмсақ әрі құрғақ матамен сүрту керек. Тек тазалап қана қоймай, әрін сақтаймын десеңіз, жарты сағат қайнатылған зығыр майымен жуып, кепкесін сумен сүртіп алыңыз. 

Линолеумді жылтыратудың одан да қарапайым әдісі мынау: жүннен жасалған сүрткішпен алдымен жылы, кейін ыстық сумен жуады. 

Кір сіңіп қалған линолеумді олифтің көмегімен тазартуға болады. Сосын жүннен жасалған сүрткішпен жақсылап сүртіп шығады. Сия тамып қалған линолеумді пемза тазарта алады. 

Линолеумге май тамып кетсе, дереу ыдыс жууға арналған ұнтақпен жуыңыз.

Линолеумім жарқырасын десеңіз, балауыз бен скипидар қосындысын пайдаланыңыз. Ал ең оңай әдісі - әлбетте, дүкеннен еденді жылтырататын арнайы қоспаларды сатып алыңыз. 

Линолеумді тазартуға керосин, мүсәтір спирті, шарап, бензин, сода сияқты құралдарды пайдаланбағаныңыз жөн. Өте ыстық суда қатты тісі бар щеткалармен жумаңыз. 

Ескі линолеумді де қалпына келтіруге болады. Ол үшін жарты литр сүтке бір жұмыртқаны салып, 12-15 минуттай араластырады, сосын сол қоспамен линолеумді сүртеді. Кепкен кезде линолеуміңіз бұрынғыдай жалтырайтын болады. 

Линолеумге күннің көзін қатты түсірмеңіз. Тамып кеткен дақтарды дереу сүртіп алыңыз. Дүкеннен сатып алған жуу ұнтағының сыртын мұқият оқып шыққаныңыз дұрыс. 

Арзан линолеумге жүгірмеңіз. Арзан линолеумге қанша ұқыпты қарасақ та, ол көпке шыдай алмайды. 

Р. Роза